Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

"MAMANDYK FEST" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

"MAMANDYK FEST" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

2025 жылғы 24-25 қыркүйекте Тараз қаласында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттері колледждерінің студенттері арасында "Mamandyk Fest" халықаралық байқауы өтті.

Студенттердің арасында талантты және тәжірибелі киім дизайнерлерін анықтауға байқаудың құзыретті қазылар алқасы қатысушылардың модельді орындау шеберлігінің деңгейін, қолданылатын материалдың сапасын, дизайнның креативтілігі параметрлері бойынша бағалады.

Байқауға 24 қатысушы арасында Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенті – Жарылқасын Айгерім өз композициясымен қатысып, оның жұмысы сараптама комиссиясымен Алғыс хатымен марапатталды.

Айгерім мен жетекшісі Рахманова Гүлмайра Майконовнаны құттықтаймыз және кәсіби шеберлігінің шыңдалуына тілектеспіз!