ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ
15 қараша – Ұлттық валюта күні және қаржы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Т.Рысқұлов аудандық Халық банкінің аға менеджерлері Әбу Әлібек Ахметұлы мен Юсупова Гүлханның қатысуымен кездесу өтті.
Ұлттық валютамыз – төл теңгенің 32 жылдығына арналған іс-шара барысында ақшаның шығу тарихы, оны үнемдеу, депозиттің маңыздылығы сияқты тақырыптар қарастырылды. Мамандар Ұлттық банктің қызметі, рубльден теңгеге көшу үдерісі және еліміздің қаржы жүйесінің қалыптасуы туралы айтып өтті. Бүгінде Қазақстанның тұрақты ақша-банк жүйесі, алтын валюта қоры бар екені де аталып өтті.
Теңгені үнемдеп, ұқыпты жұмсау – әр азаматтың міндеті екенін түсіндіріп, мамандар тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.





