Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

КОЛЛЕДЖДІҢ MOOZTAU КОМПАНИЯСЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЮДА

КОЛЛЕДЖДІҢ MOOZTAU КОМПАНИЯСЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЮДА

Құлан агротехникалық жоғары колледжінің директоры Тұрарбек Шарипов, оқу орнының әлеуметтік серіктестерімен танысу, байланысын нығайту мақсатында, еліміздегі мақтанышқа айналған MOOZTAU компаниясына барып, өндіріс орнымен және оның жұмыс барысымен танысты.

Коллежд директоры кәсіпорын басшылығымен кездесіп, заманауи технологиялармен жабдықталған цехтарды аралады. Сонымен қатар, MOOZTAU компаниясында өз мамандығына қатысты нақты өндірістік процестерді меңгеріп, кәсіби дағдыларын жетілдіріп отырған колледж студенттерінің өндірістік тәжірибесінің барысымен танысты.

Тәжірибе барысында студенттердің жауапкершілігі мен ынтасы байқалды.

Осындай серіктестік – білім мен өндірістің арасындағы тиімді байланыс!

Колледж, болашақ білікті мамандардың тәжірибесін қолдағаны үшін, MOOZTAU компаниясына алғыс білдіреді!