Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

КОЛЛЕДЖ КОМАНДАЛАРЫ «КASIPSKILLS» ОБЛЫСТЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ

КОЛЛЕДЖ КОМАНДАЛАРЫ «КASIPSKILLS» ОБЛЫСТЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ

2025 жылдың 29 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «КәсіпSKILLS» өндіріс саласының мамандары, колледждің өндірістік оқыту шеберлері мен студенттері арасында облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Бұл байқау өндіріс саласының мамандары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби шеберлігін көтеру, тәжірибе алмасу, үздіктерді анықтау және насихаттау, студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және болашақ кәсіби жолын айқындауға көмек көрсету мақсатында алғаш рет облысымызда ұйымдастырылды.

Құлан агротехникалық жоғары колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» құзыреттілігі бойынша «EMPIRE» кафесінің аспазы Рустам Кырманчиев, колледждің өндірістік оқыту шебері Сымбат Әлдибай және студент Кәусар Мұхит құрамындағы командасы ІІ жүлделі орынның жеңімпазы атанды.

Ал, «Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі бойынша жеке кәсіпкер дәнекерлеушісі Серік Рахметалы, колледждің өндірістік оқыту шебері Газиз Рахимов және студент Артем Нейфельд құрамындағы командасы ІІІ жүлделі орынды иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтап, колледждің әлеуметтік серіктестеріне құзыретті маман даярлауда көрсеткен қолдауларына алғыс білдіреміз.