Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

КЕШКІ РЕЙД

КЕШКІ РЕЙД

Колледж студенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында, сондай-ақ жасөспірімдердің қараусыз, қадағалаусыз қалуының алдын алу үшін Құлан агротехникалық жоғары колледжінің кураторларынан құралған арнайы топ Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы аумағында кешкі және түнгі уақытта рейдтік жұмыстар жүргізді.

Топ мүшелері балалар көп жиналатын орындарға – ойын алаңдарына, орталық алаңдарға, мейрамханалар мен кафелерге барып, бақылау жұмыстарын жүзеге асырды.