KazNARU МЕМОРАНДУМ АЯСЫНДА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғылыми қызметкерлері - «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторыЖылқайдар Арман Жетпісбайұлы, «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Құланбай Қаламқас Жаңабекқызы және аға оқытушы Жуматаев Марат Ермекбаевич Құлан агротехникалық жоғары колледжінің бітіруші топтарының студенттері арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында білім алушыларға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті туралы жан-жақты мәлімет, қызығушылық танытқан мамандықтар туралы ақпарат, кеңестер берілді, брошюралар таратылды.





