Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

КӘСІБИ ДОДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

КӘСІБИ ДОДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен ережесіне сәйкес Құлан агротехникалық жоғары колледжі базасында 9-10 қазан аралығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді. Кәсіби додаға еліміздің 12 өңірінен және Алматы қаласының 15 колледжінен ветеринария және агрономия мамандықтары бойынша 22 педагог және 17 компатриот қатысты.

Республикадағы ауыл шаруашылығы секторын дамыту жағдайында ауыл шаруашылығы саласындағы ТжКОБ ұйымдарының неғұрлым талантты педагогтерін анықтау және қолдау мақсатын көздейтін конкурстың барысында қатысушы педагогтер 6 модульді қамтитын теориялық және практикалық тапсырмаларды орындап, кәсіби шеберліктің жоғары дәрежесін көрсетті.

Кәсіби дода барысын саралай келе әділқазылар алқасы лайық деп тапты:

Ветеринария саласы бойынша:

І орынға - Құралов Нұрғали Сәрсенұлы, Түркістан облысы білім басқармасының Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы;

ІІ орынға - Қысық Тілек Тұрсыналыұлы, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы;

ІІІ орынға - Айбекұлы Қуанышбек, Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің оқытушысы

ІІІ орынға - Ахмадиева Айнұр Жомартқызы, Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің оқытушысы;

«Шығармашыл педагог» номинациясына - Мусаева Гульнар Оразгалиевна,Павлодар облысы білім беру басқармасының "ERTIS" жоғары инновациялык-аграрлық колледжінің оқытушысы

«Өз ісінің шебері» номинациясына - Айтимбетов Махсет Тлеулиевич, Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі;

«Креативті педагог» номинациясына - Нұржігіт Жандос Смағұлұлы, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы ветеринария және биотехнология жоғары колледжінің оқытушысы.

Агрономия саласы бойынша:

І орынға - Асқар Айнұр Асқарқызы, Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы;

І орынға - Нарбаева Райхан Темирбековна, Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің оқытушысы;

ІІ орынға - Дәулетов Жандарбек Аскарович, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Құлан агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы;

ІІ орынға - Жунусбекова Эльза Бухарбаевна,Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің оқытушысы;

ІІІ орынға – Байназар Баубек Сапарбекұлы, Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы;

«Шығармашыл педагог» номинациясына - Ахметова Самал Рахметоллаевна, Павлодар облысы білім беру басқармасының "ERTIS" жоғары инновациялык-аграрлық колледжінің оқытушысы

«Өз ісінің шебері» номинациясына - Ерина Мария Васильевна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің оқытушысы;

«Креативті педагог» номинациясына - Бубекулова Мадина Талгатовна, Жетісу облысы білім басқармасының «Көксу ауылшаруашылық колледжінің оқытушысы.

Әділқазылар алқасының мүшелері және байқау қатысушылары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің және Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ауылшаруашылығы саласы бағытындағы оқу орындарына көрсеткен сенімі мен қолдауын жоғары бағалап, Құлан агротехникалық жоғары колледжі ұжымының республикалық конкурсты ұйымдастыру деңгейіне ризашылығын білдірді.