Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН

АШЫҚ СОТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінің АПБ және колледжішілік есепте тұрған кәмелетке толмаған студенттері Т.Рысқұлов аудандық сотының және аудан прокуратурасының бірлескен ұйымдастыруымен өткізілген ашық сотқа қатысты.

Бұл шара кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сана мен тәрбиені көтеру мақсатында ұйымдастырылды.

Сот отырысы аяқталған соң студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар мен оларға тағайындалатын жазалар туралы сұрақтар талқыланып, оларға жан-жақты жауаптар берілді. Кездесу кезінде істі қараған судья, прокурор және адвокат студенттерге заң саласына қатысты кеңестерін айтып берді.