Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

ҚҰЛАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТТЫ

ҚҰЛАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТТЫ

2025 жылғы 24 қазан күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (KazNARU) Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы мен Құлан агротехникалық жоғары колледжі өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Шара екі жақты меморандум аясында ұйымдастырылып, аграрлық білім мен ғылым саласындағы өзара әріптестікті дамытуға бағытталды.

Алғы сөзді Басқарма Төрағасы-Ректордың Бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Пірімқұл Шолпанқұлұлы Ибрагимов бастап, білім беру жүйесін жетілдіру мен өңірлік кадрлар даярлау ісіндегі серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, в.ғ.к., қауымдастырылған профессор Гүлмира Егізбайқызы Алпысбаева, Білім беру процесінің мазмұны бөлімінің бастығы, PhD Жанар Әбікенқызы Кусаинова, Білім беру үдерісін ұйымдастыру бөлімінің бастығы, а.ш.ғ.к. Азамат Мәрденұлы Койшибаев және «Агробиология», «Ветеринария және зооинженерия» факультеттерінің кафедра меңгерушілері қатысты.

Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының басшысы Айбар Мэлсұлы Сапарғали, Құлан агротехникалық жоғары колледжінің директоры Тұрарбек Нұрлыбекұлы Шарипов және Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты егіншілік зертханасының бас ғылыми қызметкері, а.ш.ғ.д., профессоры Жұмағали Оспанбайұлы Оспанбаев, «Қазақ мал шаруашылығы және жем шөп өндірісі» ҒЗИ ЖШС, а.ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор, ғалым хатшы Айгуль Кадырбаевна Таджиева сөз сөйлеп, бірлесіп ғылыми жобалар әзірлеу мен тәжірибе алмасу бағытында ынтымақтастық орнатуды ұсынды.

Құлан агротехникалық жоғары колледжін аяқтаған түлектер кейін В077 Өсімдік шаруашылығы, В079 Орман шаруашылығы, В080 Балық шаруашылығы, В062 Электр техникасы және энергетика білім беру бағдарламалары топтарына 2 жылдық білім беруге қабылдау үшін оқу-білім беру бағдарламаларын сәйкестендіру жұмысы жүргізіліп, бекітілетін болды.

Сондай-ақ, екі тарап агроинновация, цифрлық фермерлік және заманауи агротехнологиялар бағыттары бойынша пікір алмасты.

Бұл іс-шара — Құлан агротехникалық жоғары колледжі мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті арасындағы байланыстарды тереңдетіп, агроөнеркәсіп саласына білікті мамандар даярлаудағы ортақ мақсаттарды жүзеге асыруға жол ашады.