Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫМЕН КЕЗДЕСУ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫМЕН КЕЗДЕСУ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 25.09.2025 ж балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында « Кәмелетке толмаған студенттердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс тобымен кездесу өтті

Кездесуге Т.Рысқұлов аудан әкімінің орынбасары А.Ж.Тасеменов, Аудан прокурорының орынбасары Қартаңбайұлы Қуанышбек, Т.Рысқұлов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Қ.Бижанов, Ювеналды полиция тобының аға инспекторы Д.Жанасов, БМСК меңгерушісі Т.Т.Абдыкалыков қатысты.

Кездесу барысында қылмысқа бармау, тәртіп сақтау және салауатты өмір сүру балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері туралы дер кезінде хабарлауға мүмкіндік беретін «Komek Stop Bullying» жобасы іске асырылып жатқаны туралы, сонымен қатар, балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған «111» мемлекеттік байланыс орталығының, «109» байланыс қызметінің QR-коды колледжде ілініп тұрғаны туралы айтып, заңды құрметтеп, тәртіп сақтап, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық мәселесі талқыланып, мамандар жасөспірімдерге құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы, тәртіп бұзушылықтың салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.