Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

ҚАЗАҚСТАН – ТУҒАН ЕЛІМ, ҰЛЫ ӨЛКЕМ

ҚАЗАҚСТАН – ТУҒАН ЕЛІМ, ҰЛЫ ӨЛКЕМ

25 қазан – Республика күні – Қазақстанның мемлекеттік тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі. Бұл күн – еліміздің егемендігінің іргетасы қаланып, тәуелсіздікке жол ашқан тарихи белес.

Осы атаулы күнге орай Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты – Республика күнін ұлықтау арқылы өскелең ұрпаққа елдің тарихын дәріптеу, отаншылдық рухта тәрбиелеу, елін сүйетін саналы да елжанды буын қалыптастыру.

Іс-шара барысында елдің өткені мен бүгінін жалғайтын мазмұнды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ауданымызға танымал өнерпаз жастар сахнада өнер көрсетіп, мерекенің сәнін кіргізді. Сонымен қатар колледж студенттері дайындаған театрландырылған қойылымдар көрерменнің жүрегінен орын алды. Қойылымдарда қазақ халқының тарихи жолы мен егемендікке жету күресі бейнеленіп, көрерменге терең әсер қалдырды.

Мерекелік кеш елдің бірлігі мен тәуелсіздігін дәріптеген, патриоттық рухты күшейткен әсерлі шара болды.