Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

ЕРТЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ТҮСУДІҢ ЗИЯНЫ

ЕРТЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ТҮСУДІҢ ЗИЯНЫ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 20.10.2025 жылы ерте жүктіліктің алдын алу, жасөспірімдердің жыныстық қатынас жайлы білімін арттыру мақсатында «Ерте жыныстық қарым-қатынасқа түсудің зияны» тақырыбында аудандық орталық аурухананың отбасын жоспарлау кабинетінің акушер дәрігері Д.Айтанова, колледж медбикесі А.Ержігітова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұ.Акишеваның қатысуымен кездесу өтті.

Ерте жыныстық қатынасқа түсудің соңы неге әкеп соқтыратыны туралы жасөспірімдердің көпшілігі бейхабар екенін, жыныстық қатынастың ерте болуы: денсаулыққа қауіп төну, жыныстық жолмен жұғатын аурулар (ЖЖЖА), соның ішінде АИТВ/ЖИТС-қа алып келетіні жайлы хабардар етті. Ерте жүктілік, психологиялық қысым, суицид және криминалды түсік жайлы кеңестер берілді. Дәрігермен әңгіме ашық жүргізілді. Қыздар пікірлерін айтып, сұрақтар қойды, талқылауға белсене қатысты.