ЕГЕМЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ – ЕЛДІККЕ БАСТАҒАН ТАРИХИ ҚҰЖАТ
2025 жылдың 23 қазанында Құлан агротехникалық жоғары колледжінде 25 қазан – Республика күніне орай «Егемендік декларациясы – елдікке бастаған тарихи құжат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге Республика күнінің тарихи маңызын түсіндіру, егемендікке қол жеткізудің алғашқы қадамы болған 1990 жылғы Егемендік декларациясының Тәуелсіз Қазақстан үшін мәнін ұғындыру.
Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға Республика күнінің шығу тарихы, еліміздің әлеуметтік-саяси жағдайы, егемендіктің мәні мен мазмұны кеңінен баяндалды. Егемендік декларациясының қабылдануына биыл 35 жыл толуына орай, 25 қазанның еліміздің экономикалық және саяси дербестікке бет бұруындағы рөлі ерекше атап өтілді.
Шарада еліміздің даму жолы, нарықтық экономикаға көшу кезеңі, мемлекеттік тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи оқиғалар талқыланды. Бүгінде Қазақстан түрлі қиындықтарды еңсеріп, өңірлік деңгейде көшбасшы мемлекеттердің қатарына қосылғаны айтылып, жастарды елін сүюге, тарихи сананы қалыптастыруға үндейтін тағылымды басқосу болды.





