Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

ДУБЛЕР КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

ДУБЛЕР КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Студенттік Парламенттің ұйымдастыруымен Студенттер күні қарсаңында «Дублёр күні» өткізілді.

Бұл ерекше күнде студенттер колледж оқытушыларының рөлін уақытша атқарып, күнделікті қызметтің жауапкершілігін өз көздерімен көріп, тәжірибе жинақтады.

Шараның мақсаты — студенттердің көшбасшылық қабілетін дамыту, өзін-өзі басқару дағдысын қалыптастыру және оқу орнының ішкі жүйесімен таныстыру.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, жастардың шығармашылығы мен белсенділігі айқын көрінді.