ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС – ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінің жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік кеңес өтті.
Әдістемелік кеңесте техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы жанындағы Сараптама кеңесінің қызметі туралы ережеге сәйкес
колледж педагогтерінің авторлық бағдарламасы мен әдістемелік құралдары қаралды.
Колледж педагогтері Г.Қойшыманова, В.Майтанова, Ұ.Акишева және директор орынбасары М.Багылбекова әзірлеген жұмыстар Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы жанындағы Сараптама кеңесіне ұсынылады.





