ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, исламтанушы, теолог, дінтанушы Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлымен «Халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шара барысында студенттер діннің бағыттарымен танысып, дәстүрлі емес діни ағымдардан аулақ болуға кеңес алды. Сонымен қатар, әлемде орын алып жатқан террорлық әрекеттер мен олардың қоғамға тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Маман діни экстремизмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру және дәстүрлі құндылықтарды сақтау жолдарын түсіндіріп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берді. Кездесу мазмұнды пікір алмасуға ұласып, жастар үшін пайдалы әрі маңызды ақпараттармен қорытындыланды.





