«БІЗ ТАЛАНТТАРДЫ ІЗДЕЙМІЗ!» БАЙҚАУ ӨТТІ
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде студенттердің өнерге деген қызығушылығын дамыту, шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында «Біз таланттарды іздейміз» атты шығармашылық байқау өтті.
Байқау барысында студенттер ән салып, би билеп, өлеңдер оқып, түрлі өнерлерін паш етті. Әр қатысушы өз дарыны арқылы көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Талант – табыстың бастауы, ал табыс – еңбектің нәтижесі. Байқау – студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге, болашаққа дұрыс бағдар алуына үлкен себеп болды. Қатысушылардың өнері әділқазылар тарапынан бағаланып, үздіктер алғыс хаттармен марапатталды.
Мұндай игі шаралар жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, мәдени және рухани бай тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.





