Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

"БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ - КӘСІБИ МАМАН" атты тамыз саммиті

“Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті" республикалық байқауының 2025 жылғы жеңімпазы, Құлан агротехникалық жоғары колледжінің түлегі Камилулла Ернар 14 тамыз күні Астана қаласында өткен педагогтердің "БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ - КӘСІБИ МАМАН" атты тамыз саммиті аясындағы "Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіби білім мен бизнестің жаңа мүмкіндіктері" панельдік секция жұмысына қатысты.

Ернар "Кешегі студент - бүгінгі құзіретті маман" тақырыбында ой бөлісіп, колледж қабырғасында алған білімі мен дағдыларының оның өмірлік кәсіби бағытында, тұлға болып қалыптасуында шешуші рөл атқарғаны туралы айтты.