Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

БЕРЕКЕЛІ КҮЗ – 2025

БЕРЕКЕЛІ КҮЗ – 2025

2025 жылдың 17 қазан күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінде студенттер арасында көңілді әрі мазмұнды "Берекелі күз – 2025" атты күзгі бал байқауы өтті. Бұл байқаудың негізгі мақсаты – күз мезгілінің табиғатқа тигізетін әсерін, оның байлығы мен әсемдігін терең ұғындыру, студенттердің эстетикалық талғамын қалыптастыру және оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау болды.

Жарыс төрт кезеңнен тұрды: таныстыру, сахналық қойылым, күзгі сән үлгілерін көрсету және сұрақ-жауап сайысы. Байқаудың әрбір бөлімі студенттердің шығармашылық қабілеттерін, тапқырлығын, сән мен өнерге деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті. Әсіресе, күздің көркем көрінісін бейнелеген киім үлгілері мен қойылымдар кештің көркін аша түсті.

Қатысушылар күздің алтын бояуы мен молшылығын сахна тілімен сөйлете білді. Әр топ өз өнерлерін ерекше форматта ұсынды. Бірі жырмен жеткізсе, енді бірі ән мен би арқылы күздің шапағатын сипаттап, көрермендерді тәнті етті. Іс-шара соңында үздік өнер көрсеткен студенттер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.