Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығы аясында Т.Рысқұлов аудандық Жастар ресурстық орталығы және аудандық орталық сайлау комиссиясымен бірлескен «Заңым айбыным» атты зияткерлік ойыны өтті. Жастардың патриоттық сезімі мен зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған ойын барысында болашақ сайлаушылар өздерінің саяси сауаттылығын көрсетіп, білімдерін ортаға салды, Конституцияға қатысты маңызды мәліметтермен танысып, қызықты тапсырмаларды орындады. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.