АТА-АНА БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТЫ ТҰЛҒА
2025 жылдың 26 қыркүйегінде Құлан агротехникалық жоғары колледжінде«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты – ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, бірінші курс студенттерінің колледж өміріне бейімделуіне жағдай жасау, оқу орны мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Жиынға 90-нан астам студенттердің ата-аналары, колледж әкімшілігі, кураторлар мен педагогтар қатысты.
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұ.М.Акишева ата-аналарды бірлесіп жұмыс істеуге, студенттерді тәрбиелеуде көмек пен қолдау көрсетуге, олардың қатысуы мен үлгерімін бақылауға шақырып, ата-аналарды оқу процесінің кестесімен, пәндер бойынша аралық аттестаттауды өткізу ережелерімен, студенттердің тамақтануын ұйымдастыру және стипендия алу шарттарымен таныстырды. Сонымен қатар қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін, кәмелетке толмаған студенттердің түнгі уақытта үйден тыс орындарда болуы үшін, колледждің ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар туралы ата-аналарға айтылып, жатақханада тұру ережелерімен таныстырды.





