Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Құлан агротехникалық жоғары колледжі" КМҚК
Ресми интернет-ресурс

АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫ –ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫ –ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

31 қазан күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы бекіткен жоспарға сәйкес алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы –ұйымдастырушыларының 2025-2026 оқу жылына арналған ай сайынғы бір күндік әдістемелік сабағы өткізілді.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының бас маманы Жарқынбеков Нұрлан Қузарұлы басшылық еткен іс-шарада колледждің АӘжТД пәнінің оқытушы –ұйымдастырушысы Ерік Теңізбаев «Калашников автоматын және оқшашарын бөлшектеу және жинастыру» тақырыбында ашық сабақ көрсетсе, АӘжТД пәнінің оқытушы Ахмет Әбди «Робот-барлаушы» атты сабағын ұсынды.

Сонымен қатар, іс-шарада Т.Рысқұлов аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесінің басшысы Бағлан Кездікбаев басқарған жедел медициналық тобы «Алғашқы медициналық көмек» тақырыбында студенттерге тәжірибе жүзінде жасалатын іс-әрекеттерді көрсетті.

Облыстық семинардың қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін Құлан агротехникалық жоғары колледжінің АӘжТД пәнінің оқытушы –ұйымдастырушысы Ерік Теңізбаевқа Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының және Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Грамоталары табысталды.