29 тамыз күні Құлан агротехникалық жоғары колледжінде педагогикалық кеңес өтті. Кеңесте педагог қызметкерлерге жаңа 2025-2026 оқу жылының нұсқаулық-әдістемелік ұсыныстары таныстырылды. Жаңа оқу жылының бағыттар бойынша жұмыс жоспарлары ұсынылып, студенттердің құзыреттілігін қалыптастыру, білім сапасын арттырудың мақсат, міндеттері айқындалды.





